Таулы-Алтайда әлі мектепке бармаған баланың денесінен 20 кене алды. Ол өзге балалармен бірге шөптерден сырғанап ойнаған, деп жазады stan.kz.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, 2016 жылы кене шаққан 11 356 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 10443-і (92%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем қабылдаған. Қазақстанда кене энцефалиті бойынша эндемиялық үш өңір бар, олар – Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы және оның маңайы. Соңғы жылдары Ақмола облысында да кене шағу оқиғалары тіркеле бастады.
Фото: stan.kz