Алматы, Астана теміржол вокзалдарында тыйым салынған заттарды алып өтудің 90-ға жуық оқиғасы анықталды

Қаруды алу барысында азаматтың ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 188-бабы бойынша іздеуде жүргендігі белгілі болды.
1 маусымнан еліміздегі 14 теміржол вокзалдарында жолаушылар мен қол жүктерін тексеріп өткізу басталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Тексеріп өткізу қондырғылары Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу, Маңғышлақ, Шымкент, Қызылорда, Семей, Тараз, Шу, Қостанай вокзалдарына орнатылады. «ӘТЖК» АҚ Алматы мен Астана теміржол вокзалдарына орнатылған тексеріп өткізу қондырғылары бойынша жұмыс қорытындысын шығарды.

Биылғы 1 ақпан мен 30 мамыр аралығында Алматы теміржол вокзалында жолаушылар мен вокзалға кірушілерді ішінара тексеру нәтижесінде суық және газ қаруларын алып жүрудің 75 оқиғасы анықталды. Жолаушылардың көпшілігінен пышақтар мен кастет тәркіленді. Сондай-ақ 30 сәуірде бөлімше инспекторлары бір азаматтан күміс түстес жиналмалы пышақ тәркілеген.

Қаруды алу барысында азаматтың ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 188-бабы бойынша іздеуде жүргендігі белгілі болды. Астана теміржол вокзалында тексеріп өткізу қондырғысы 1 сәуірден бастап іске қосылды. Осы аралықта Астана теміржол вокзалына алып кіруге тыйым салынған заттар мен құралдардың 10 фактісі анықталды. Мәселен, 29 мамырда жолаушыны тексеру кезінде одан ұзындығы 30 сантиметрлік қанжар табылды.

Осы аралықта Алматы мен Астана вокзалдарында тыйым салынған заттар мен құралдарды алып жүрудің 90-ға жуық оқиғасы тіркелді.

Фото: 24.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: