Ақтөбелік прокурорлар заңсыз ойын бизнесімен күресте қоғамнан көмек сұрайды

Полицейлердің айтуынша, букмекерлік кеңсеге жиі шабуыл жасалады.
Ақтөбелік прокурорлар заңсыз ойын бизнесімен күресте дәрменсіздік танытып, қоғамнан көмек сұрап отыр. Бүгінде қалада ресми тіркелген 42 нысан бар. Құмар ойынын ұйымдастыратын орындар саны одан 3 есе көп, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Прокурорлардың есебінше, облыста 137 ойынхана болса, оның 119-ы осы облыс орталығында орналасқан. Бұл қазынаға төлейтін салықтан жалтару мен қылмыстық ортаны қалыптастыруға ыңғайлы.

Полицейлердің айтуынша, букмекерлік кеңсеге жиі шабуыл жасалады. Соңғы екі жарым жыл ішінде 20-дан астам қарақшылық оқиғасы болған. Прокурорлар түнгі уақыттары іске қосылатын заңсыз ойын залдарын анықтау үшін тұрғындардан көмек сұрайды.

Бұл мақсатта ғаламторда арнайы электрондық карта жасалған. Ол жерде ресми және заңсыз жұмыс жасайтын букмекерлік кеңселердің мекенжайын белгілеуге болады.

Ерғали Мәбиев, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары:

- Біз былтыр бірқатар істі сотқа жеткізе алмадық. Себебі күдіктілер өте әккі болып шықты. Қылмыстық топтың 5-6 жерде заңсыз кәсібі бар. Жасырын белгі беріп отырады. Әрдайым ұялы телефондары мен мекенжайларын алмастырып отырады. Сондықтан заң жүзінде олардың ізіне түсу өте қиын және көп шығынды талап етеді.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: