Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Таксиске әзірге шара қолданылған жоқ.
Астанада таксиске 40 мың теңге беріп алданып қалған Венгр азаматына ақшасы қайтарылды, деп хабарлайды stan.kz, Қазақпарат жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Таксиске әзірге шара қолданылған жоқ. Полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.

“Жүргізуші моральді зиян келтірді. Қазір тексеріс жүріп жатыр”, – деді ІІД-де.

6 маусым күні Астанада Венгрия азаматын әуежайдан қонақүйге дейін жеткізіп тастаған таксист оны алдап 40 мың теңге алған.

Полицейлер 33 жастағы жүргізушіні ұстады. Таксистің аккредитациядан өткені, жеке аумақтарға кіруге құқығы бары анықталды. Іс “алаяқтық” бабы бойынша қарастырылып жатыр.

Фото: transport-journal.com
Следите за новостями zakon.kz в: