Павлодарда Ертіс өзенінде қайықпен серуенге шыққан екі адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 86 жылғы ер азамат пен 90 жылғы әйел адам қауіпсіздік ережелерін бұзып, қараңғы уақытта үрлемелі моторлы резеңке қайықпен күзетілетін аумақта демалған.
Нәтижесінде қайық аударылып кетіп, екеуі өздігінен судан шығуға тырысқан. Дегенмен қатты ағын оларды алысқа алып кеткен.
- Сағат 1.25-те жедел құтқару жасағының екі қызметкері олардың көмек шақырған дауысын естіп, дереу оқиға орнынан мотоқайық арқылы екеуін жағаға алып шыққан. Зардап шеккендер медициналық көмектен бас тартты, - деді департаментте. Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz