Мемлекеттік елтаңба жаңарды деген сүйінші хабарды осыдан екі жыл бұрын естіген едік. Дәлірек айтсам, 2015 жылдың 14 тамызында «техникалық талаптардың ұлттық стандарты» бекітіліп, қолданысқа енгізілген болатын. Оған сәйкес мемлекеттік мекемелер ғимаратында елтаңбаның жаңа ұлттық стандартына сай үлгісі орнатылуы қажет. Бұл талап ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін жүзеге асуы керек. Ал егер жаңа үлгідегі Тәуелсіздіктің қасиетті белгісі белгіленген уақытқа дейін төрден орын алмаса, айыппұл салынады, деп жазады Алматы телеарнасы.
80 жылдық тарихы бар бұл өндіріс орны мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі - елтаңбаны 1992 жылдан бері шығарады. Осымен 3-ші рет стандарты жаңарған халқымыздың бойтұмарын жасау технологиясы да айтарлықтай өзгерген. әсіресе бұл Елтаңбаның түсіне қатысты. Сонымен қатар, оны құрайтын 40 бөлікке нақты атау беріліп, мазмұны айқындалды. Кейбір элементтерге тоқтала кетсек, Шаңырақ жеке бір элемент ретінде қаралмауы керек. Бұл киіз үйдің үстінен қарағандағы көрініс. Шаңырақтан шашыраған нұр - Қазақстан xалқы Ассамблеясының символы. Олардың саны 72 болуы тиіс.
«Жаңа елтаңба бұл бүкіл әрбір детальдары инжинерлік тұрғыда есептеліп, дұрыс шығарылып, размерлері стандартқа дұрыс жазылған. Жаңа елтаңба мен ескі елтаңбаның айырмашылығы мысалы мына жұлдыз ескі елтаңбада мына жұлдыз кішкене кішірек болған, жаңа елтаңбада жұлдыз кішкене биігірек и үлкенірек жасалған»,- деді Бас инженер, Дамир Сағадиев.
Бас инжинер Дамир Сағадиевтің айтуы бойынша жаңа елтаңбаның айырмашылығы тек көздің жауын алатын жарқыраған алтын түсте ғана емес. Зейін салып қарайтын болсаңыз детальдарың өзгергенін байқауға болады. Стандартқа сай рәмізді бояу процессі де оңай емес.
Мына пластиктен жасап шығарылған елтаңба бірнеше бояу процессінен өтеді. Мамандар ең қиыны елтаңбаға форма беріп, бұл елтаңбаны жасап шығару емес оны бояу кезеңі күрделі дейді.
Елтаңбаны бояу үшін 2 цех жұмыс істейді. Ал мына сұйықтық құрамы құпия сақталады. Бір ерекшелігі бояудың иісі жоқ және тез кебеді. Аталған кәсіпорын айына 400-ге жуық елтаңба шығарады екен. Қазіргі уақытта мекемелерден түсіп жатқан тапсырыстар өте көп. Өйткені әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлеуге ешкімнің құлқы жоқ.
«Халыққа және мемлекеттік мекемелер арасында біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі уақытта көптеген мекемелер елтаңбаның жаңа үлгісін орнатып үлгерді. Дегенмен, 2017 жылдың 1-ші шілдесіне дейін уақыт беріліп отыр. Талапты орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады»,- деді Ішкі саясат басқармасының бас маманы, Ерлан Қоқанбаев.
Заң жүзінде талап қойылды. Оны орындауға бір айдан аз уақыт қалды. Еске сала кетейін егер кімде кім мемлекеттік рәміздерімізге қатысты заңды аттап өтсе сот алдында жауапқа тартылады.
Нұрсұлтан Біләл, Влад Таубалдиев
Фото: khabar.kz