Аймақтық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілдері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 5 және 10 мың теңгелік жалған ақша жасайтын астыртын цех анықталды, деп жазады Қазақстан ҰТА.
Іле ауданында қолға түскен күдіктілер ақшаны Еңбекшіқазақ ауданындағы цехта жасағандары белгілі болды.
Оларды тінту кезінде 170 мың жалған теңге мен А-4 форматындағы арнайы қағазға басылған ақша купюралары табылған. Сондай-ақ, цехтың ішінен түрлі-түсті принтер мен өзге де құралдар тәркіленді.
Күдіктілер жалған ақшаны дүкендер мен жеміс-жидек сатушыларына өткізіп келген. Сондықтан, тексеру шаралары әлі аяқталған жоқ.
Мирас Мұқаш
Фото: kaztrk.kz