Алматы облысы, Қырғауылды ауылында жеке үйдің дәретханасына құлап кеткен екі ересек адам мен 10 жасар қыз көз жұмды, деп жазады stan.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де аталған қайғылы оқиғаны растады. Оқиға 6 маусым күні болған.
Қайтыс болғандар – 30 жастағы ер адам, 24 жастағы қыз және 10 жастағы қыз бала. Олар туыстарының үйіне қыдырып келген.
Бастапқыда шұңқырға телефонын түсіріп алған қыз бала құлап кеткен. Сосын оны құтқарамын деп онда ересектер де түсіп кетеді. Ер адам қыздың әкесі болса, 24 жастағы қыз тәтесі екен.
Полиция аталған оқиғаны тексеріп жатыр.
Фото: stan.kz