Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Оралда ауруханада көз жұмған қамалушының өлімі себептерін тергеуде, деп хабарлайды sputniknews.kz өңірлік "Мой город" басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Владислав Погодаев Орал ауруханасына жатқызылған соң, 31 мамырда қаза тапқан.
"Владислав Погодаевтың өлімі дерегі бойынша, сол күні сот алды тергеу ісі басталып, өлім себептерін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды, мән-жайды анықтау үшін тиісті тергеу шаралары жүргізілуде", — деп түсіндірді БҚО прокуратурасында.
Басылым берген мәлімет бойынша, ер адамның туыстары қамалушы жазасын өткеріп жатқан Ру-170/2 колониясы әкімшілігін салғырттығы үшін айыптайды.
Олардың пікірінше, Погодаевқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген.
Облыстық прокуратура хабарлағандай, арнайы прокурор қайтыс болған қамалушының анасы берген деректерді тексеріп, колониядағы медициналық көмек көрсету сапасына баға беріледі.
Фото: sputniknews.kz