Семейде мазаны қашырған масамен күрес жүріп жатыр. Әсіресе Ертіс етегіндегі тұрғындар қансорғыш жәндіктен жәбір көріп отыр, деп жазалы Хабар 24 арнасы.
Қаланың 7 аймағында дезинфекциялық дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Екі кезеңге бөлінген іс-шара тамыз айына дейін жалғасады.
Таяу арада шыбын-шіркейлермен күрес те басталады. Мамандар жәндіктердің көбеюіне Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, жағалауға жайылуы себеп болды десіп жүр.
Пайда болған шағын көлшіктерде зиянкестер тез көбейеді. Ал осы бағыттағы жұмыстарға қазынадан 1 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жанна Шаймұратова, қалалық ТКШ бөлім меңгерушісі: - Барлығы 68, 3 гектар жерді алатын аумақ тазартылады. Бұған Түйемойнақ, Мұрат, Суықбастау, кіші Ақтөбе, Бобровка сияқты елді мекендердегі көлшіктер мен жағалау маңайындағы тоғандар кіреді.
Фото: 24.kz