Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде қатарынан үш қылтиманың өртенуі салдарынан 14 адам құтқарылды. Оның алтауы - балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
- Әуезов көшесі, 79 мекенжайында төртінші, бесінші және алтыншы қабаттағы екі бөлмелі пәтерлердің қылтималары өртенді. Ағаш қылтимада орналасқан үй заттары жанған. Абырой болғанда тұрғындардың барлығы аман қалды. Оқиға сағат 13:21-де орын алып, 14:47 минутта тілсіз жау толықтай ауыздықталды. №14, №32 арнайы өрт сөндіру бөлімдері мен қалалық жедел құтқару жасағының жеке құрамынан барлығы 14 адам жұмыс істеп, екі техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді баспасөз қызметінде
Абзал Қабдраш
Фото: Рavlodarnews.kz