Теміртауда баланы ұрлаған күтушіге қатысты сот отырысы басталды

Ерлі-зайыптылар жұмыстан үйлеріне келгенде, оның қалдырған қоштасу хатын оқыған.
Теміртау қалалық сотында екі жасар қызды ұрлаған бала күтушісіне қатысты іс бойынша сот тыңдауы басталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

«Таңшолпан» балалар үйінің түлегі, 22 жастағы бойжеткен ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі («Адам ұрлау») бойынша айыпталуда. Сот тыңдауы жабық түрде өтуде. «Қылмыстық іс материалдарында кәмелеттік жасқа толмаған бала туралы мәліметтер бар. Қылмыстық-процессуалдық кодексте жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін сот тыңдауының жабық түрде өтуіне рұсқат бар», - деп хабарлады сотта.

Сотталушы Қарағандыдағы тергеу оқшаулағышына қамалған. Оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол баланың анасынан кешірім сұрады. Еске салсақ, 26 наурызда полицияға 22 жастағы Теміртау тұрғыны хабарласып, бала күтуші әйел екі жастағы қызын ұрлап кеткені жайлы арызданды.

Ерлі-зайыптылар жұмыстан үйлеріне келгенде, оның қалдырған қоштасу хатын оқыған.

Күтуші баланың жағдайы жақсы екеніне дәлел ретінде күнде әлеуметтік желіге оның суретін салуға уәде берген.

Жедел шара барысында 27 наурызда, таңертең облыстың ІІД қызметкерлері күдіктіні Астанада ұстады. Ол күтуші болып екі жыл істеген. Ұсталған сәтте бірден қыздың анасынан кешірім сұрады. Бірақ әйел полициядан арызын кері қайтарып алмады.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: