13 жастағы екі бала Ақмола облысындағы өзенде суға батып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға Астрахан ауданы Новочеркасск ауылында болған.
"Сағат 16.00-де Есіл өзенінде тиісті емес жерде шомылған 7 сыныптың екі оқушысы суға кетті.
Еріктілер 16.30-да 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін алып шықты. 18.45-те жергілікті атқарушы орган күштері 2004 жылы туған екінші баланың денесін өзен түбінен тапты.
Суға кеткен үшінші 13 жасар баланы куәгерлер құтқарып қалған", — деп хабарлайды ТЖД.
Фото: sputniknews.kz