Павлодар облысында 15 жастағы бойжеткен суға батып кетті

Күзетілетін аумақта құтқарушылар 26 жастағы ер адамды ажал аузынан алып қалды.
Качир ауданының Юбилейное ауылында Ертіс тармағында белгіленбеген орында суға шомылып жүрген бойжеткен батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекшілік бөліміне шақырту кеше сағат 15:37-де түскен.

- Жедел құтқару жасағының күшімен сағат 15:56-те 2002 жылы туылған қыздың денесі жағаға шығарылды. Оқиға орнында екі адам мен бір бірлік техника жұмылдырылды, - деді департаментте.

Екінші қайғылы жағдай кеше сағат 19:55-те Павлодарда Усолкада тіркелген. Күзетілетін аумақта құтқарушылар 26 жастағы ер адамды ажал аузынан алып қалды.

Томирис Бекжан

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: