Елордалық полицейлер Қытай азаматшасы сауда ойын сауық орталығында жоғалтып алған қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды sputniknews.kz Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствода атап өткенде, 25 маусымда шамамен сағат 13.00-де полицей ойын-сауық орталығының аумағында чек көрсетілген қымбат әшекей бұйымдар мен сертификат тауып алған. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында қымбат бұйымның иесі табылды. Ол Қытай Халық Республикасының азаматшасы болып шықты. Ол қымбат әшекейлерін таңғы уақытта MEGA Silk Way орталығында сатып алып, өзінің мұқиятсыздығынан жоғалып алған.
Қажетті процессуалдық шешімдер жүргізілген соң қымбат бұйымдар иесіне қайтарылып, азаматша полицейлерге шексіз алғысын білдірді. Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп, оған көптеп шетелдік қонақтар келіп жатыр.
Фото: sputniknews.kz