Алматының екі бірдей ықшам аудандарында су жоқ

Тұрғындар суды шөлмектен бастап бассейнге дейін сақтауды әдетке айналдырған.
Құты қашқан екі бірдей шағын аудан. Бірнеше жылдан бері шенділердің есігін сығалаудан шаршаған тұрғындар арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Олар су мәселесін айтып бармаған жер, баспаған тау қалмады» - дейді. Кеңезесі кепкен жұрттың мәселесі шешімін таба ма? Бұл туралы Алматы телеарнасы жазды.

Аптасына бір рет осындай жиын өткізетін «Нұрлы тау» және «Алатау» ықшам аудандарының тұрғындары су мәселесін ашуға булығып талқылайтын күйге жеткен. Ауыз суды атам заманнан көрмеген олар енді бау-бақша суаратын суға да қол жеткізу қиын» - дейді. Ай сайын қалтадағы теңгені жырып алатын жекеменшік кәсіп орын су тарифын жыл сайын өсіреді екен. Дегенмен, тіршілік нәрі кейде бар, кейде жоқ.

«Бізде су мәселесі шешілмей келеді. Күн ыстық кездері бақшамыздағы өсімдік қурайды. Еңбегіміздің бәрі зая кетеді. Су қысымы өте төмен болғандықтан 4-5 сағат бойы өсімдіктерді суару үшін уақыт жұмсаймыз. Кейде тіпті сусыз қаламыз»,- деді Қала тұрғыны, Лариса Кравченко.

Бір көзбен қарағанда жайқалған бақша. Су тапшылығы жоқ секілді. Дегенмен, дәл осылай бақшаны күту үшін зейнеткерлер күні -түні құбырдағы сумен арпалысады екен. Ал кей тұрғындар күзде бақшаға өсімдік отырғызудан шаршаған сынайлы. Самат Аманқұловтың «Алатау» ықшам ауданына көшіп келгеніне біршама уақыт өткен. Бұрындары ауыл санатында болған ықшам аудан қазіргі таңда қала құрамында.

«Қалаға кіргеннен кейін су жағы әлі өзгеріс болған жоқ. Су жағы бізге таудан келеді,. Ол тазартылмайды. Қалай сол құммен келіп жатыр солай құммен келіп жатыр жалпы»,- деді Қала тұрғыны, Самат Ааманқұлов.

Тұрғындар суды шөлмектен бастап бассейнге дейін сақтауды әдетке айналдырған. Сол сумен бақша суарып, кейде қайнатып та ішетін күндер болады дейді. Ал, үйдегі техника істен шықпасы үшін Самат Аманқұлов сүзгіш орнатқан. Оның өзін айына бірнеше рет ауыстыру керек екен.

Суару суын жекеменшік компания бақылауға алғалы бері адам басына 5 мыңға жуық қаржы талап етіледі екен. Айына осындай ақша төлеп отырған тұрғындар су сапасына көңілдері толмайды. Сондықтан да мыңдаған үй аталған жекеменшік компанияның қызметінен бас тартуды қалайды. Алайда, мұны да іске асыру біраз қиындықтарды тудыруда.

Нұрсұлтан Біләл, Мұрат Тайжанов

Фото: SZH.KZ
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: