Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысы шекарасындағы «Қайрақ» өткізу бекетінен шекарашылар «Рено» жеңіл машинасының жүргізуші мен екі жолаушысын ұстады. Бұл жөнінде жергілікті ng.kz сайты хабарлады, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.
Машинаға жәшіктерге салынған 64 тотықұс пен 60 тасбақа тиелген.
«Қайрақ» өткізу бекетінің бөлім бастығы Бахрам Дараевтың айтуынша, жолаушылар тоты құс пен тасбақаны Ресейге сатуға апара жатқан болуы керек. Жүргізуші Қазақстан азаматы, онымен бірге екі жолаушы да ұсталды. Ал машинадағы жануарлар тиісті орындарға жіберілді.
Нәзира Жәрімбетова
Фото: egemen.kz