BI Group қызметкерлері Еуропаға корпоративтік сапардан үлкен әсер алып оралды. Үшінші жыл қатарынан Қазақстанның құрылыс нарығының көшбасшысы еңбек сіңірген қызметкерлерін осындай қызыққа толы сапарға жібереді. Өткен жылы Парижге 141 құрылысшы барса, биыл – 100 адам аттанды. Бұл компанияның қабырғасында 10 жыл қызмет атқарған кез-келген маман, ол инженерлер, прорабтар мен мастерлер, бухгалтерлер мен заңгерлер... Бұл шара олардың компанияға зор сенімі мен адалдығы үшін алғыс ретінде жасалған сыйы.
Мазмұнды мәдени және ойын-сауық бағдарламалар, орта ғасырдан сыр шертетін қаланың тарихи жәдігерлері және таңғы спорттық жүгіру.
Шарль-де-Голль әуежайы. Париж қазақстандықтарды шуақты ауа-райымен қарсы алды. Алыс сапардан келген туристерге бірден белгілі Monte Carlo мейрамханасының ас мәзірі ұсынылды. Елисей алаңы Конкорда алаңынан басталып Салтанат қақпасына дейін созылған. Әйгілі Наполеон бұл жерді өзінің жеңістеріне арнап тұрғызса керек, ол өзінің бағындырған қалаларын осы жерге жазып отырған деседі. Лувр мұражайына дейін созылатын бұл алаңда естелік суретке түсу кез-келген туристің арманы.
Тіпті Францияда біздің құрылысшылар дәстүрлеріне сәйкес, күнді таңғы жүгіруден бастады.
Талғат Капбасов, «Казахдорстрой» жол дивизионының мастері:
- Жүгіріп болғаннан кейін, таңғы Париж көшелерімен серуендедік. Менің Еуропаға алғаш рет келуім, экскурсиядан өзіме көп нәрсе алдым, француз астанасының көрікті жерлерінде болдым. Луврға келуді бұрыннан армандайтынмын. Өйткені бұл көне музейде әлем елдерінің жәдігерлері, таңдаулы өнер қайраткерлерінің туындылары қойылған. Картиналар галереясы бар. Енді менің арманым орындалды. Бұл компанияда 11 жыл қызмет істегенім үшін ең керемет сыйлық.
Саяхат бағдарламасы мазмұнды: аңызға айналған сәулет ескерткіштеріне экскурсия, таза ауада серуендеу. Әсіресе қазақстандықтар үшін ең әсерлі болған Люксембург бағы мен Д,Орсэ мұражайы. Бұл сарай саябағы әйгілі философтар Руссо мен Дидроның серуендейтін сүйікті жері болған деседі. Ал қазір, бұл париждықтардың демалатын сүйікті орны.
Сәуле Капбасова:
- Мен готикалық сәулет өнеріне тәнті болдым. Маған Францияның тарихын білу, оның аңызға айналған жерлерінде болу қызықты. Эйфель мұнарасы салынбай тұрып, бұл елдің нышаны болған Париж Құдай-ана соборына баратынымызды білгенде, қуанышымда шек болмады. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық.
Әлемнің ең романтикалық қаласына саяхат жасауды кім армандамайды дейсіз?! BI Group-та көп кәсіби дәстүр бар, қазір белсенді түрде инновациялар енгізілуде, бірақ компания өз мамандарынсыз ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайтынын жақсы түсінеді. Сол мамандарға қамқорлық таныту, олардың біліктілігін, кәсібилігін арттыру – компанияның басты назарында.