Қарағандыда өткен тәулікте 13 көлік иелерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлері ұрланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Кей көліктерден қылмыскерлер бір нөмірін (алдыңғы не артқы) ғана алған. Кей көліктің екі нөмірін де алып кеткен.
Барлық көліктерге ұрылар: «Мемлекеттік нөмірің ұрланды ма? Қандай аянышты» деген жазба қалдырған. Жазбаға ұры Qiwi-кошелек нөмірін қалдырып, 10 мың ақша аударуды сұраған. «Түскен барлық өтініш бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүруде. Мемлекеттік нөмірді ұрлағандарды табамыз», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Фото: inform.kz