Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне ІІ дәрежелі күйікпен зардап шеккен адам жатқызылды. Жағдайы өте ауыр. Зардап шегуші жанармай құю стансасында газ баллонының жарылуы салдарынан күйіп қалған, деп хабарлады stan.kz, Лада жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«Ер адам ІІ дәрежелі термикалық күйік алған. Науқастың айтуынша, ол жарылыс кезінде лаулаған өрттің ортасында қалған. Оқиға 29 маусым күні болды. Ақшымырау ауылдық дәрігерлік амбулатория фельдшері 28 жастағы ер адамды шұғыл түрде аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді», – деді санитарлық авиация фельдшер-диспетчері Айнұр Батырбаева.
Фото: stan.kz