Полицейлер бітпеген үйдің жертөлесінде қалдырылған емізулі баланың анасын тауып алды, деп жазады stan.kz, “Мой город” басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Ол Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жігітімен ұрысып қалып, сәбиін “Балалар үйіне” өткізуді ұйғарады, алайда ғимаратты таба алмай, сәбиді құрылысқа қалдырып кетеді.
“Қыздың ата-анасы осы уақыт бойы немерелерін іздемеуінің себебі – қыз ұлымен бірге ауданға қонаққа барамын деген. Сәбиді ол 9 маусымда босанды. Қазір ол бүлдіршінді үйіне әкеткісі келеді. Алайда енді шешімді сот қабылдайтын болады. Оған ҚР ҚК-нің 119-бабының 1-бөлімі бойынша 100 АЕК (226 мың 900 теңге) немесе 100 сағат түзету жұмыстарына жегу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. Егер балаға зиян келген жағдайда, онда күшке осы таптың екінші бөлімі енер еді. Ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, — деп мәлім етті ІІБ аға инспекторы Динара Әбдіхалықова.
Жаңа туған сәби Оралдағы бітпеген үйдің құрылысында 26 маусымда табылды. Жылап жатқан бүлдіршінді аумақты шолу кезінде жергілікті күзетші тапқан.
Фото: stan.kz