Атырау облысы Жылыой ауданы прокуратурасының талап арызы негізінде сотпен Нидерланды, Бельгия, США (Сан-Франциско), Канада (Торонто), Австрия және т.б. мемлекеттерде тіркелеген 55 интернет-казино сайттарына тыйым салынды, деп жазады zakon.kz.
Құмар ойын сайттары онлайн – казино түрінде интернет желісінде мониторинг арқылы анықталды.
Сайттарға кіру тілек білдірушілерге еркін болған, ал қолжетімді болу үшін тек пайдаланушы ретінде тіркелу қажет еді. Интернет-казино ойындары нақты ақшаға жүргізілген.
Сайттардың клиенттері слоты, рулетки, видео покер, блэкджэк, карты, лотореи, живые дилеры деген ойындарға қатысуға мүмкіншілік алған.
Қазақстан Республикасының аумағында интернет - казино қызметіне тыйым салынған.
Атырау облысы Жылыой ауданы прокуратурасымен Қазақстан Республикасының аумағында 55 интернет – казино сайттарын таратуға тыйым салу туралы талап арыз сотқа енгізіліп, толығымен қанағаттандырылды.