10 млн теңгеден астам пара алған Фармация комитеті қызметкерлері ұсталды

Пак, Қажынова, Имамходжаев пен Жүзбаева қамауға алынса, Ибраева үй қамаққа алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет фармкомпания мүддесін лоббилендіргені және жүйелі түрде пара алғаны үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті мен территориалдық бөлім қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

3 шілде күні Жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте 10 млн-нан жоғары сомада бірнеше рет пара алған Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитетінің төрағасы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы бойынша Фармация департаментінің жетекшісі З.Ш.Қажынова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамходжаев пен Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраеваны ұстады.

Олар заңсыз түрде ақшалай сыйды өндірістік және дистрибьюторлық тәжірибе сертификаттары үшін алып отырған.

Сондай-ақ пара берген «Зерде» ҒӨБ» ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева да қолға түсті.

Аталған қызметкерлер пара алудан басқа кепілді тегін медициналық көмек мөлшерінен сатып алынатын медициналық препараттардың бағасын көтеру арқылы бюджет қаржысын да жымқырған деп айыпталып отыр.

Пак, Қажынова, Имамходжаев пен Жүзбаева қамауға алынса, Ибраева үй қамаққа алынды.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: