Ақсу ауылындағы Ертіс өзенінің Белая саласында тыйым салынған жерде шомылған 34 жастағы ер адам суға батып, қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ер адамның денесі ЖПҚ мен құтқарушылардың тексерісі кезінде табылды.
- Марқұмның денесін судан алып шығу үшін жедел құтқару жасағының жеке құрамынан алты адам, екі бірлік техника мен бір жүзу құралы жұмылдырылды. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған, - деді ТЖД мамандары.
Думан Асқарбек
Фото: Рavlodarnews.kz