Ақтауда алты жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz, "Лада" жергілікті басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.
10 шілде күні Ақтаудағы 27-ші шағын ауданда қайғылы оқиға орын алды.
"Бассүйегіне зақым келіп, миы шайқайған, қабырғасы сынған, өлім ауызындағы бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді" — деп хабарлайды жедел жәрдем станциясы.
Дәрігерлердің мәліметінше, жеткіншек ауруханада жан тапсырған.
Фото: sputniknews.kz