Семейде бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 25 жастағы Ерлан Қуанышпаев өлі күйінде табылды. Өзі тұратын ауданда ағашқа асылып қалған ер адамның денесінен зорлық белгілері байқалмаған. Бұл туралы stan.kz, “Устинка Live” жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Аталған дерек бойынша қазір “Өзін-өзі өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды. Ол 10 шілде күні түнде жоғалып кеткен болатын.
Ол түнгі уақытта үйінен үй киімімен ақшасыз және телефонсыз шығып кеткен. Тәртіп сақшылары мен еріктілер бірден жігітті іздеуге кіріскен. Туыстарының айтуынша, ол соңғы уақыттары уақытша жұмыссыз болып, күйзелісте жүрген.
Фото: ustinka.kz