Клубтарға тұрақты түрде екі мыңнан астам балалар мен бозбалалар барады, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиа орталығы.
-Бүгінгі таңда Астана әкімдігінің қолдауымен 18 аула клубтары жұмыс істейді. Секциялар мен үйірмелердің жалпы саны- 109. Аула клубтарына тұрақты 2089 бала мен бозбалалар барады. Келесі жылы Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен аула клубтарының санын 30-ға дейін жеткізу көзделген, - деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана жастары» КММ жетекшісі Мұхамеджан Болысбек.
Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтарға баратындар саны екі есеге өскен. Аула клубтарының басым бөлігі «Алматы» ауданында орналасқан, мұнда 10 аула клубы бар. Ал, қалғандары Астананың өзге аудандарында.
Бүгінде аула клубтары елордалық жастардың бос уақытын өткізетін және жеке қабілеттерін дамытатын орталыққа айналды. Клубтарда каратэ, бокс, еркін күрес, қол күресі, дзюдо, стол теннисі, шахмат және шашки бойынша секциялардың кең түрі қарастырылған.
Бұдан бөлек, жастарға шығармашылық таланттарын шыңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі үйірмелер ашылған. Ал, спорт, ұлттық, және қолданбалы өнер, хореография және музыка салауатты өмір салтына баулиды.
-Бүгінде аула клубтарына баратын балалар мен бозбалалар спортпен айналысып, техникалық шығармашылыққа үйрене алады, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Сол себепті қаланың барлық тұрғындарына балаларын аула клубтарына әкеліп, тегін оқытуға шақырамыз, - дейді Мұхамеджан Болысбек.
Фото: astana.gov.kz