28-30 шілде күндері Атырау облысында 6 мың гектар жайылымдық жер отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Дала өрті Қызылқоға ауданының шамамен 3,5 мың гектар жері мен Индер ауданындағы 2,5 мың гектар жайылымдық жерді шарпыды. Индер ауданындағы өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Қызылқоға ауданындағы тілсіз жауды 4 техниканың көмегімен 15 адам сөндірді», - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт жексенбі күні кешке толықтай сөндіріліп бітті. Алайда, тілсіз жаудың жаңа ошақтарының шығу қаупі әлі де бар.
Фото: inform.kz