Астанада ер адам өз анасын қылғындырып өлтірді

Ер адам айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылады.
Астанада алкогольді мас күйдегі ер адам өз анасын тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы stan.kz, қалалық соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеем жасап хабарлайды.

Қылмыс осы жылдың мамыр айында болған. Анасы мен баласы бірге сыра ішеді. Бір уақытта әйел арақ алып келуге барғысы келгенін айтады. Алайда бұл ұлына ұнамай, екеуінің арасында дау пайда болған.

Ұрыс барысында ер адам бір қолымен анасының қолындағы бөтелкеге жармасып, екінші қолымен оның мойынан қылғындырған.

Істі қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істерге жауапты сот қараған. Ер адам айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылады.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: