Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен 2 азамат ұсталды. 25 жас шамасындағы күдіктілер Сырдария жағалауында жайылып жүрген мүйізді ірі қараларды торуылдап, қараусыз қалған кезде айдап алып кетіп отырған, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Биыл сәуір айының соңында оңай олжаға құныққандар құны 350 мың теңге шамасындағы бірнеше түлікті қолды қылады. Өзгенің мал-мүлкін заңсыз иемденуге машықтанған әлгі екеудің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
– Бұл әрекеттерімен тоқтамай 8 шілдеде тағы да сол аумақта жалпы құны 170 мың теңгені құрайтын 5 ірі қараны иемденіп кетеді. Алайда полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстары әшкереленіп, ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді, - деді ҚІІБ тергеушісі Райымбек Балғараев.
Фото: 24.kz