Елімізде соңғы тәуліктерде 11 адам суға кетті

Қайтыс болғандардың кейбірі суға түсер кезде мас күйінде болған.
Республика бойынша шомылуға тыйым салынған жерлерде 11 адам суға кетті, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Тағы бір адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Суға батып, қаза тапқандардың арасында 2 бала бар.

Суға шомылып, қайтыс болғандардың кейбірі суға түсер кезде мас күйінде болған.

Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖК тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.

Бұл туралы ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: