Атырауда жаз айларында 13 адам суға батып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
«Батып кеткен 13 адамның алтауы бала. Олардың өліміне негізгі себеп - балалар үлкендердің қарауынсыз қалған, өз-өздеріне абай болмаған, шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен», - деді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
Суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыстың ТЖД қызметкерлері, «Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, Жайық өзенін торуылдайды, демалушылар арасында суда қауіпсіздікті сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жадынама, брошюралар таратады, рұқсат етілмеген жерде шомылып жатқандарды бақылау үшін рейд өткізеді.
Фото: inform.kz