Ресейлік имамдар қазақ тілін меңгеруде

Шынында қазақ әдебиеті тұнған дін мен дәстүр құндылықтары.
Ресейдің Саратов облысынан 4 имам қазақ тілін үйрену ниетімен Алматы қаласында 1 ай мерзімде білім алды. Бұл туралы zakon.kz, muftyat.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Имамдардың бірі Тәжік, қалған үшеуі Қазақ ұлтынан екен. Қазақ тілін үйренулерінің себебін сұрағанда: «Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы - олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру»,- деген сөздермен мақсаттарын түсіндірді.

Шынында қазақ әдебиеті тұнған дін мен дәстүр құндылықтары. Бір ғана Абай атамыздың «Қара сөздерінің» өзі Исламдағы сенім мәселелері мен адамгершілік құндылықтарды толық қамтыған десе қателік емес - деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.

Нұрбек қажы Ауесханұлы «Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын»,-деп ыстық лебізін білдірді.

Фото: muftyat.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: