Қарағандының Октябрь аудандық соты төрт жасар өгей қызына көптеген пышақ жарақаттарын салды деп күдіктеліп отырған жергілікті тұрғынды екі айға қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сот тергеушінің 39 жастағы азаматты екі айға тергеу оқшаулағышына қамау жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.
Екі ай ішінде тергеу амалдары аяқталады деп күтілуде. Осыдан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіліп, онда «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы ұзартылады немесе судьяның шешімімен жазалаудың басқа түріне ауыстырылады.
Айта кетейік, Қарағандыда 39 жастағы азамат әйеліне деген қызғаныштан төрт жасар өгей қызына пышақ жарақаттарын салды деп күдіктеліп отыр.
Тергеу нұсқалары бойынша, ол баланың бірнеше жеріне, мойнына, іші мен қолдарына пышақ жарақаттарын салған.
Соққы жеңіл түрде болғандықтан, қыздың ішкі ағзаларына зақым келмеген.
Фото: inform.kz