Шымкенттік өнертапқыш «қазақ арбасын» жасап шығарды

Киіз үй ішіндегі жарық күн нұрынан қуат алады.
«Қазақ арбасы». Шымкенттік өнертапқыш дәл осындай атаумен арба үстіндегі киіз үй құрастырып, көпшілікке ұсынды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Шебер Еркінбек Бөкебаевтың қолынан шыққан бұл үшінші туынды. Ол осыған дейін жеміс-жидек пен көкөніс сатуға арналған жылжымалы дүңгіршек жасаған. Ал мына киіз үй пішіндес заманауи тіркемеге осы өңірге сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қызығушылық танытқан. Еркінбек Тәженұлы мұны жасауға 6 ай уақыт жұмсағанын айтады. Кейбір бөлшектерін шетелден тапсырыспен алдырған. Ұлттық өнер мен заманауи заттарды ұштастырған қолөнер шебері: «Арбаны инновациялық сауда нүктесі ретінде пайдалануға болады»,– дейді.

Киіз үй ішіндегі жарық күн нұрынан қуат алады. Ерекше жоба таяуда EXPO көрмесіне келушілердің назарына ұсынылуы мүмкін.

– Бірінші рет біз киіз үйді механизмін пайдаланып, көрсетіп отырмыз. Арба болғаннан кейін оның дөңгелегі бар. Киіз үй болғаннан соң, оның формасы бар. Ал ол кездердегі арбалардың үстіндегі киіз үйлерде шаңырақ болды деп айта алмаймыз. Ұлттық нақыштарымызды сақтай отырып, 21-ғасырдың жетістіктерін пайдалана отырып, санитарлы-гигиеналық жағынан әрі архитектуралық, дизайндық талапқа сай етіп осыны жасадық, - дейді өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: