Салық комитетінен табысын жасырған жалға берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, «Пәтер жалдаушы» жедел алдын алу шарасы екінші қайтара өтті. 9-14 тамыз аралығында 522 жалға берілетін пәтер анықталды. Табысын жасырған адамдарға қатысты хаттамалар салық комитетіне жолданды.
Айта кетейік, аталған шара барысында 492 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, 287 рет көші-қон заңнамасы бұзылды, 136 ұсақ бұзақылық тіркелді, кешкі уақытта тыныштық бұзылды. Барлық әкімшілік заңбұзушылықтарға қатысты шаралар қолданылды.
Қамбар Мұқаш
Фото: Aktobenews.kz