Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды

Балаларға жүрек трансплантациясы бойынша 56 ота жасалды.
Үндістанда қазақстандық алты балаға жүректерін ауыстыру бойынша ота жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баланың жүрегін ауыстыру қажеттігі туындаған жағдайда біз оны Үндістанға жібереміз. Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі жүрек пен органдарды ауыстыру отасын Үндістан азаматтары үшін ақылы негізде ғана жасайды. Мұндай оталар Қазақстандағыдай сақтандырумен немесе мемлекеттік көмекпен жасалмайды. Сондықтан, ол жақта балаға арналған донорлық жүректі табу оңай», - деді Юрий Пя.

Ел халқының саны аз болуына байланысты балаларға жүректі алмастыру отасы ересектерге қарағанда анағұрлым аз қажет етіледі. Балаларға жүрек трансплантациясы бойынша 56 ота жасалды.

«Қазіргі уақытта балалардың жүрегін ауыстыру туралы заң жобасы Үкіметте қаралып жатыр. Әрине, мұндай оталарды шетке шықпай-ақ, өзімізде жасаған үнемді болар еді. Бірақ, бүгінге дейін Қазақстаннның бірде-бір клиникасында балаға ықтимал донор табылған жоқ», - деп баса айтты дәрігер.

Атап өткен жөн, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы өкпені ауыстыру оталарын жасай бастады. Қазақстанда мұндай отаны өткізетін техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктер жеткілікті.

«Өкпені трансплантациялау бойынша Миннесотада дайындықтан өттік. Өткен жылдан бері 6 ота жасадық. Донорлық өкпені тасымалдауға және дайындауға қажетті арнайы құрылғыны алдық және болашақта да ота жасауды жалғастыра береміз. Одан бөлек, егер өкпе трансплантацияға дайын болмаса, бұл жүйеде органды емдейтін мүмкіндік бар», - дейді Ю.Пя.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: