Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың Енсе университетінің «Северанс» госпиталі мен «Северанс KZ» халықаралық медициналық қорының делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Делегация өңірге балалар мен ересектерге кәріс мамандарының жоғары кәсіби кеңес беру және жедел медициналық көмегін алуға мүмкіндік беретін «Ақтөбе — Северанс» бірлескен қайырымдылық қорын құру мақсатымен келді. Бұдан өзге, шеберлік сабақтарын өткізу, облыстың медицина қызметкерлерін Кореяның жетекші емханаларында емдеудің инновациялық әдістеріне оқыту қарастырылған. Жалпы, қор Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, медицина саласындағы әлемдік стандарттарға қол жеткізуге жағдай жасайтын болады.
«Сіздер біздің өңірлік Батысқазақстандық медициналық кластердің қалыптасуына үлкен үлес қосқан стратегиялық халықаралық серіктес болып отырсыздар. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында облыстың ондаған дәрігері Кореяның жетекші емханаларынан тәжірибеден өтті, трансплантация бойынша жоғары кәсіби оталарды жасау басталып, ойдағыдай жүргізілуде. Енді біздің серіктестігіміз жаңа бағытта дамып келеді», — деп атап өтті Северанс госпиталінің директоры Ли Бен Сокке Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде делегация басшысы Бердібек Сапарбаевқа қайырымдылық қорын құруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
«Бүгінгі келісімге қол қойылу үшін сіздердің тараптарыңыздан үлкен күш жұмсалды», — деді Ли Бен Сок.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамытудағы стартегиялық серіктестікті әрі қарай кеңейту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қояр алдында оңтүстік кореялық делегация басшысы Бердібек Сапарбаевқа Енсе университетінің құрметті ректоры, Енсе университетінің қоғамдық-әлеуметтік көмек халықаралық институтының директоры Пан Ги Мунның сәлемхатын тапсырды.
Сәлемхатта БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун қазақстандық медицинаның жетістігін жоғары атап өтіп, «Ақтөбе-Северанс» қайырымдылық қорын құру туралы бастамаға толықтай қолдау көрсетемін деп сендірген.
Фото: aktobenews.kz