Оқиға Мұғалжар ауданында болды. Аудандық сотта М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралуға тиіс болатын. Оны маскүнемдіктен айықтыру үшін наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды, деп жазады aktobenews.kz.
Сотқа шақырылған Мұғалжар ауданының тұрғыны сот ғимаратына мас күйінде келген. Заң тілімен айтқанда, ол «әдепсіздік көрсеткен». Жауапкер сот ғимаратынан үш күнге қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: aktobenews.kz