Қылмыскер көліктің ішінен 500 мың теңге ұрламақ болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады aktobenews.kz.
28 жастағы Тұрғындар қалашығындағы автотұрақтардың бірінде тұрған «Тойота Прадо» маркалы автокөлігін таңдаған.
Көліктің ішінде 500 мың теңге жатқан сөмке ұрының назарына іліккен. Оның қылмыстық әрекетін байқаған жол-патрульдік полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған. Осы уақытқа дейін де күдікті осындай қылмыстары үшін жауапты болған екен.
Фото: aktobenews.kz