ШҚО-да орта сақ дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйектері табылды

3 айға жуық уақыттың ішінде 500-ден астам көне зат табылған.
Шығыс Қазақстан облысынан тағы бір эксклюзивті жаңалық! Профессор Әбдеш Төлеубаев жетекшілік ететін «Шілікті-Тарбағатай» экспедициясы «Айнабұлақ» қорымындағы обаларды қазу барысында жерленген ер мен әйел адамның сүйектерін тапты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Олар орта сақ дәуірінде өмір сүрген не жауынгер, не ғашықтар болуы мүмкін деген жорамал бар. Археологтар Зайсан ауданында маусым айынан бері облыс әкімдігінің арнайы тапсырысы бойынша жұмыс істеп жатыр.

3 айға жуық уақыттың ішінде 500-ден астам көне зат табылған. Қазір ғалымдар тобы Қаратал ауылының маңайындағы «Жеті оба» деп аталатын жерді қазып, тыңғылықты зерттеп жатыр.

- Екі мәйіттің біреуінің мойын тұсынан 2 жапырақ тәріздес найза шықты. Екінші мәйіттің оң құлағының тұсынан бір орамды темір сырға табылды, екі орамды сырға – бұл өте кең таралған дәстүр. Сол жақ тұсынан графит деп айтамыз, қаламсаптың басындағы материалмен бірдей материал шықты. 2300-2400 жыл болды ғой, 24 ғасыр деп айтамыз, біздің заманымызға дейінгі 4-5-ғасырлар ғой. Орта сақ кезеңі, - деді «Шілікті-Тарбағатай» экспедициясының ғылыми қызметкері Мәмбет Шағырбаев.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: