Алматыда жылан шаққан турист құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен демалыста Солтүстік Талғар шатқалынан Бутаковка шатқалына бет бұрған бір топ туристің ішінен бір жігіттің қолын жылан шағып алған. Жігіттің қолы ісіне бастаған.
Қасындағылар шұғыл түрде республикалық жедел құтқару жасағын шақырған. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жігітті дәрігерлерге жеткізді. ҚР ТЖМ ТЖК мамандары жылан шаққан жағдайда қандай әрекет ету керектігін түсіндірді.
«Тауда жалаң аяқ немесе жеңіл аяқ киіммен жүруге болмайды. Тек қана соқпақпен, аяқтың астына қарап жүру керек. Қараңғы жерге қол сұқпау керек. Егер сізді жылан шақса, антигистаминді дәрінің (супрастин, тавегил) дозасын қабылдап, жылан уыты тиген жерді қозғалтпауға тырысу керек. Еш жағдайда алкогольді ішімдік ішпеу керек. себебі, ішімдік жылан уының ағзаға одан әрі тарауына әкеледі», - деді ол.
Фото: inform.kz