Қарағандыда екі адам ашық құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар құдықтың түбінде жиналып қалған көмірқышқыл газына қатты уланбаған.
«Қарағандының Таугүл шағынауданында құдыққа адамдардың құлап кеткені туралы хабар түсті. Қарағанды облысы бойынша ТЖ департаменті жедел-құтқару бөлімінің екі құтқарушысы альпинистік құрал-жарақтармен және «Омега» екі дем алу аппаратының көмегімен төменге түсіп, зардап шегушілерді шығарып алды», - деп хабарлады өңірлік ТЖ депаратментінің баспасөз қызметінен.
Уланып зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда құдық қай мекеменің балансында тұрғаны және ол неліктен ашық болғаны анықталуда.
Фото: inform.kz