Халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының бойында марихуана алып өтпек болған екі азамат қолға түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
35 жастағы жігіттердің бірі Қызылордадан, екіншісі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Олардан қара базарда 3,5 млн теңгеге саудаланатын 9 келі марихуана алынды.
Полицейлердің есебінше, 9 келі марихуана шамамен 10 мың дозаға арналған.
Марат Төлепберген
Фото: Aktobenews.kz