Жүк көлігі электр желісіне тиіп кетуі салдарынан жүргізуші қаза тапқан, деп жазады sputniknews.kz, "Мой город" порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, сәрсенбі күні таңертең Шолохов көшесінде "КамАЗ" қоқыс төгу үшін, кузовын көтереді де, жанып кетеді.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Бірақ жүргізуші олар келгенше қаза тапқан.
Фото: sputniknews.kz