Павлодарда «Көкнәр» есірткіге қарсы операциясын өткізу барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғынынан 1,5 келіге жуық «марихуана» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз есірткі заттары айналымы шамамен 200 мың теңгені құрайды.
- Ұсталған 25 жастағы жігіт облыс орталығында 10 мың бір реттік мөлшерлемені бөліп сатуды жоспарлаған.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес (есірткі заттарын заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, сақтау, сату мақсатында тасымалдау, жеткізу және сату) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді баспасөз қызметінде.
Жас жігіт 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті қамауға алынды.
Фото: Рavlodarnews.kz