Алматыдағы «Тастақ» базарының маңы жабайы саудадан тазартылмай тұр

Алмалы ауданында аталған жұмыс жалғаса бермек.
«Тастақ» базарының маңы жабайы саудадан тазартымай тұр. Жауапты мамандар саудагерлерге бірнеше мәрте ескертіп, әбден шаршаған. Сондықтан ауыр техникаларын сайлап апарды. Сан рет айыппұл арқалап, бірақ заңға пысқырмағандардың дүңгіршектерін бұзып тастады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Ауыр техникаларын сайлап, Алмалы ауданының әкімдігі мен Ішкі істер басқармасы «Тастақ» базарының маңына барды. Заңсыз сауда жасайтындар оларды күтпесе керек. Біраз уақыт абдырып қалды. Көшені адам аяғын алып жүрместей етіп, тауарға толтырғандармен күрес қатал жүргізілуде. Жауапты мамандар заңсыз дүңгіршіктерді жермен жексен етті. Әйтпесе, мұнда айыппұл арқаласа да құлақ асар саудагер жоқ.

«Тастақ» базарының маңындағы бұл жайма базарда құрылыс материалдары сатылады. Жабайы сауданың көркін қыздырғандар тауарды қап-қапқа салып жол бойына тастайды. Ал бетін сұрықсыз темір қоршаулармен қоршайды екен. Саудагерлер ісінің заңсыз екендігін жақсы біледі. Сондықтан өздері сатып отырған тауарларынан безіп, «менікі емес» дегенге көшті.

Жабайы сауданың көркін қыздырғандардың жауабы бір. Айтуларынша, тауарды жаңадан түсіріп жатыр-мыс. Оны ішке тасып үлгермегендіктен сыртта тұрған көрінеді. Тура осындай сылтауды мұндағы саудагерлердің барлығы бірдей жаттап алған. Бірақ әрекеттерін қайтамалауға уәде берді.

«Бағана шығарып қойғам. Ана жақта кедергі еткенен кейін. Тауар түсіргем. Содан кейін шығарып қойғам. Жоқ күнде емес. Бірінші рет. Тауарды қоймаймыз болды. Соңғы рет бұл», - деді саудагер Самат Маханов.

Жабай саудамен айналысқандарға 3 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Бұл ақшалай санағанда 6 мың 807 теңге. Әрекет тағы қайталанса 5 одан кейін 10 айлық есептік көрсеткішке өседі. Айтпақшы, мамандар сыртта тұрған заңсыз тауарларды тәркілеп кетті. Бірақ бұның өзі жабайы сауданың көзін жоя алмай тұр.

«2 трактор инертті материал шықты. Айыппұл салынып, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс жыл басынан 183 ғимарат жаңағы заңсыз дүңгіршіктер алынды. 262 рейдтік жұмыс жүргізілді», - деді Алмалы ауданы Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Гапур Бақтияров.

«Біз Әкімшілік кодекстің қала көркін бұзу, заңсыз тұрақ және жабайы сауда бойынша тексерулер жүргіздік. Жыл басынан бері 4 млн-нан астам теңгеге айыппұл қағазы толтырылды. Оның әзірге тек 2 млн теңгеден астамы қайтарылып алынды. Жұмыстар тоқтамайды», - деді Алмалы аудандық IIБ әкімшілік полициясының басшысы Бақыт Күлбаев.

Алмалы ауданында аталған жұмыс жалғаса бермек. Мамандар апта сайын осы тектес тексерулерді үзбей жүргіземіз деп отыр. Әйтпесе, тезге келіп айтқанда орындайын деп тұрған саудагерлер аз.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев

Фото: www.abctv.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: