2017 жылы Атырау облысында 69 жаңа туған нәресте өлімі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, биыл біздің облысымыздағы жас нәрестелер өлімінің көрсеткіші 2,6 пайызға өсті. 1 қаңтардан осы уақытқа дейінгі аралықта 69 жаңа туған нәресте қайтыс болды. Бұған қоса бір баланың анасы да бар», - деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың мерзімінен бұрын тууы, ұрықтың дамуы барысында түрлі патологиялары бар жүкті әйелдердің тіркеуге кеш тұруы жас нәрестелер өлімінің жиілеуіне себеп болып, дәрігерлердің тиісті көмек көрсетуіне мүмкіндік болмай отыр.
Жыл соңына дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында өткізілетін шаралар жоспарын құрды.
Фото: bgtrk.ru