ОҚО ІІД бастығының орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 369-бабына қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік функцияларды орындау құқығы бар мүдделі мекемелердің қызметтеріне, қызметтік жалғандық жасау әрекеттері қылмыс деп танылуын қоғамда жария ету маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттік функцияларды орындау құқығы бар мүдделі мекемелердің қызметтеріне, қызметтік жалғандық жасау деректеріне жол беруші уәкілеттік адамның не оған теңестірілген адамның іс-әрекеттері өз теріс ықпалдарын тигізетіні сөзсіз фактор. Осы тұрғыда ҚР ҚК-нің 369-бабы осы бір құқық бұзушылықтың алдын-алуына және жаза тағайындауына тура бір негізгі бағыттың көзі болып отыр. Жалпы қызметтік жалғандық жасау, ресми құжаттарға жалған мәліметтерді енгізу, бұрмалаушылық, түзетулер енгізуі немесе құжаттарды қолдан жасап беруі негізгі принциптері болып табылады.

Ал, осы негізгі принциптер немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса, жауапкершікке әкеліп соғады. Негізгі жауапкершіліктің түрі мүлікті тәркілеп алумен қоса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінге айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер, лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет мүлікті тәркілеп алумен қоса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінге айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР ҚК-нің 369-бабының бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет, егер оны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса,- мүлікті тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мемлекеттік функцияларды орындау құқығы бар мүдделі мекемелердің қызметтеріне, қызметтік жалғандық жасау әрекеттері қылмыс деп танылуын қоғамда жария ету маңызды рөл атқарады.

Жасырып қалу құрамының белгілерінде қамтылмаған әрекеттерді жасау арқылы сыбайлас жемқорлық және нақты қылмыстық іс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК-нің тиісті бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың мұндай жиынтығы қызметтік жалғандық жасау және басқа жолмен жасырып қалу кезінде орын алуы мүмкін.

Департамент бастығының орынбасары, әділет майоры Ш.Есенкелдиев

Следите за новостями zakon.kz в: