Ипподром жетекшілігі мұны күн райының қолайсыздығымен түсіндіреді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Редакциямызға көкпар ойындарын қызықтауға барған оқырмандарымыздың бірі хабарласып, онда көрерменнің өте аздығын жеткізді.
«Республикалық деңгейдегі шара болса, қыруар қаражат бөлініп те жатқан болар. Неліктен жарнамасын жасап, адам санын көбейтпеске? Көкпарды жақсы көрмейтін қазақ аз. Тек есеп жүргізіп жатқан шара секілді көрінді маған», — дейді оқырман.
№10 ат спорты бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақтияр Төлеуов бүгін онда көкпар ойындары өткізіліп жатқанын, оған 13 облыстан қатысушылар келгенін хабарлады.
«Рас, көрермен аз келді. Ол енді күн райына байланысты. Шараны өткізіп жатқан облыстық спорт басқармасы», — деп қысқа қайырды ол.
Марат Төлепберген
Фото: Aktobenews.kz